Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда студенттердің арасында бизнес жобалар жарысы басталды

AstanaTV
05.05.2015ж. 13:00
941
Алматыда студенттердің арасында бизнес жобалар жарысы басталды

Алматыда кәсібін жолға қоюға икемі бар студент-жастар арасында ерекше жарыс басталды. Осы арқылы еліміздегі жоғарғы оқу орындарының тәлімгерлері әлеуметтік және бизнес саласындағы жобаларын таныстыруда. Және олар тың идеяларын одан әрі дамытуға мүмкіндік алып отыр. Жарысты өткізудегі мақсат - жастарды ынталандыру. Әсіресе, бизнес жобалардағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, мемлекет пен қоғам назарын аудару. Шараға еліміздегі ірі компаниялар мен меценаттар материалдық қолдау көрсетіп отырады. Әр оқу орнының намысын бірнеше адамнан құралған команда қорғайтын болады. Жеңімпаздар Оңтүстік Африка Республикасында өтетін халықаралық конкурсқа жолдама алады.

Айбек Рахымов, Қазылар алқасының мүшесі:

Әрбір білім беру орталықтарында, өмірге бейімделу қабілеті жағынан білім беру аз. Өйткені оны ешқандай оқулықтан оқи алмайсыз. Ол әлеуметтік сала, адамдар арасындағы қарым-қатынас, жобаларды өзін-өзі ақтау. Менің байқауымша, жыл өткен сайын осы халықаралық қозғалыс бойынша студенттердің ынтасы жоғарылап келеді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ