Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Жеңіс рекорды» деген атаумен спорттық-патриоттық акция өтіп жатыр

AstanaTV
05.05.2015ж. 13:00
1162
«Жеңіс рекорды»  деген атаумен спорттық-патриоттық акция өтіп жатыр

«Жеңіс рекорды». Шымкентте осындай атаумен спорттық-патриоттық акция өтіп жатыр. Орталық алаңда бір мезетте 250 адам білектің күшімен жерден серпілуден жарысқа түсті. Дене шынықтыру шарасының негізгі мақсаты соғыс ардагерлерінің ерлігіне жастардың құрметі бөлек екенін көрсету. Яғни Жеңістің 70 жылдығына қарт майдангерлерімізге тартуымыз,- деп санайды ұйымдастырушылар. Шараға «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйытқы болған. Әлеуметтік спорттық шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Әли Рақбек, шараға қатысушы:

70 мың отжимание істеп әлем рекордын жаңартып жатырмыз. Осылайша біз осындай акцияларға қатысып, әлде де алда өзіміздің спортқа деген ынтамызды арттыра береміз. Соғыс ардагерлерінің бізге жасаған жақсылықтарын біз ешқашан ұмытпаймыз.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ