$520.93 €609.07 ₽6.68
×

1,5 триллион теңгенің мүлкі заңдастырылды

AstanaTV
02.06.2016ж. 20:00
1644
1,5 триллион теңгенің мүлкі заңдастырылды

Қазақстандықтар 1,5 триллион теңгенің мүлкін заңдастырды. Бұл жөнінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Бас қыржыгердің айтуынша, бұл соманың 666 миллиарды Қазақстан аумағында заңдастырылған. Сондай-ақ, отандастарымыз 900 миллиардқа жуық қаржысын жария етті. Ведомство басшысы келесі жылдан бастап заңдастыру науқанына қатыспағандар мүлкі мен қаражаттарын отандық банктердің есеп шоттарында жайғастыруға міндеттеледі деп ескертті. Бұл санатқа 3 миллионнан астам теңгесі бар азаматтар жатады.

Қазіргі кезде заңдастырылуға келіп түскен өтінімдердің жалпы соммасы 1,7 триллион теңгені құрап отыр. Оның 1,5 триллионы заңдастырылды. Жартысына жуығы мүлікпен көрсетілсе, жартысы қаржылай.

Ұлттық банктің келтірген деректеріне сай заңдастыру кампаниясы басталғалы бері 1200 банктік есеп шот ашылған. Салымшылар 859 миллард теңгелерін жария етіп үлгерген. Ұлттық банктың төраға орынбасары заңдастырылған 5% қаражат шетелден келгенін айтады.

Олег Смоляков, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

Таяуда есеп жүргізіп, екінші деңгейлі банктерден шетелден қайтқан қаражат жөнінде мағлұмат сұрадық. Белгілі болғандай, сомма аз емес. Заңдастырылыған қаражаттың 5% шетелден.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА