$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Израильде наразылық акциясына шыққан эфиопиялықтар полицейлермен қақтығысып қалды

AstanaTV
05.05.2015ж. 10:00
1308
Израильде наразылық акциясына шыққан эфиопиялықтар полицейлермен қақтығысып қалды

 Израильде тұратын эфиопиялықтардың Тель-Авивтегі наразылық акциясы, полицейлермен қақтығысқа ұласты. Дегенмен, «қазір жағдай тұрақталды», - деп хабарлайды Рейтерс. Таяуда, Тел-Авив көшелеріне екі мыңға жуық адам митингке шыққан еді. Оған екі тәртіп сақшысының, Израильде әскери қызмет атқарған эфиопиялық сарбазға қарсы күш қолданғаны себеп болды. Акцияға қатысушылар полицейлерге тас пен бөтелке лақтырып, Ішкі істер органдарының 5 қызметкері жарақат алды. 

Сондай-ақ, бас көтерушілер көлік қатынасының нағыз қызған шағында шаһардың негізгі жолын бөгеп тастады. Мәселені шешу үшін елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху эфиопиялықтармен кездеспек. Үкімет басшысының қабылдауына наразылық акциясының себепшісі болған азамат та келеді деп жоспарлануда. Ал оны соққыға жыққан полицейлер уақытша қызметтерінен босатылды, деп жазады жергілікті ақпарат құралдары. Айта кету керек, Израильде тұратын 8 миллион тұрғынның 130 мыңы Эфиопия ұлтының өкілі. Олардың басым бөлігі иудаизм және христиан дінін ұстанады.

Мехерета Барух Рон, Израйльдегі эфиопиялық қауым төрағасының орынбасары:

Өз пікірін білдіруден жасқанбаған жастарды мен мақтан тұтамын. Анархистік жайтты тудырған жағдайдың болғаны әрине өкінішті-ақ. Акция қатысушыларының шыдамдылығы шегіне жетті, олар жеке ұстанымдарын көрсетуге келді. Мен бұл шараның басы-қасында болдым. Жастардың акцияны қақтығыссыз өткізгілері келгендеріне кепіл бола аламын. Бұл -кім күштіні анықтайтын жағдай емес.

Абзал ҚҰРМАНКИН