Қазақстанда
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үй коммуналды шаруашылығын жаңғыртуға,
60 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек
Өскенбаев мәлімдеді.
Қайырбек
Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
Су
және жылу жүйелерін жаңартуға 450 миллиард теңге қаралған. 2015 жылы бұл
мақсатқа 60 миллиард теңге жұмсалады. Келер жылы бұл сома 90 миллиардқа дейін
көбейтіледі. Ал 2017-2019 жылдары 100 миллиард теңгеден бөлінеді деп жоспарлап
отырмыз. Бұл 266 шақырымнан астам су және жылу жүйелерін жаңғыртуға мүмкіндік
береді.
Вице-министрдің
айтуынша, еліміздегі су жүйелерінің жалпы ұзындығы 61 мың шақырымды құрайды.
«Бүгінде жүйе ара-қашықтығындағы құбырлардың төрттен бір бөлігі жөндеуді талап
етеді. Осы мақсатта биыл ауылды жерлердегі су жүйелерін қалпына келтіру үшін 20
миллиард теңге сомасына 110 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осының
арқасында екі мың шақырымға жуық су жүйелері жаңартылады деп күтілуде» - деді
Өскенбаев.
Жұрағат
БАМАН