Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматыда әр жылдары қазақ елінің астанасы болған шаһарларға арналған ауқымды көрме ашылды

AstanaTV
02.07.2014ж. 20:00
1376
Алматыда әр жылдары қазақ елінің астанасы болған шаһарларға арналған ауқымды көрме ашылды

Алматыда әр жылдары қазақ елінің астанасы болған шаһарларға арналған ауқымды көрме ашылды. Келушілер бір мезетте Орынбор, Қызылорда, Алматы және Астана қалаларының тыныс тіршілігінен көрініс беретін жәдігерлермен таныс болады. Шара Қазақстан астаналары қалай салынды және ел тарихында қандай рөл атқарды деген тақырыптағы деректі туындымен басталды. Фильмге ұлттық мұрағаттағы ең таңдаулы киноқұжаттар мен дыбыс жазбалары пайдаланылған.

Көрменің негізгі бөлімі Астана қаласының құрылуы мен даму үрдісін қамтиды. Елбасының бас қаланы салу мен архитектуралық кескінін қалыптастыруға және инвестициялық тартымдылығына жұмсаған қажыр-қайраты туралы пікірлер конференцияда кеңінен әңгіме болды. Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен тарихшылар қатысты.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ