Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Хасан Насралла: Құрама штаттар «Ислам мемлекетінен» Сирия, Ирак және Ливан азаматтарын қорғай алмайды

AstanaTV
25.05.2015ж. 10:00
916
Хасан Насралла: Құрама штаттар «Ислам мемлекетінен» Сирия, Ирак және Ливан азаматтарын қорғай алмайды

«Америка Құрама Штаттары «Ислам мемлекеті» радикалды қозғалысы төндірген қауіптен Сирия, Ирак және Ливан азаматтарын қорғай алмайды». «Хезболла» көсемі Хасан Насралла басты қарсыластарына, яғни, Ливияның ішкі саяси күштері өкілдеріне қаратып осындай мәлімдеме жасады. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Ливан шеиттер тобының басшысы Насралла олардың экстремистердің қаһарына бірінші болып ұшырайтынын ескертеді. Хезболла көсемі сондай-ақ, Сирия шекарасындағы Эрсаль қаласының шет аудандарында бірде-бір лаңкес қалдырмайтынын айтқан. Радикалдар Сирияның Пальмира қаласын басып алған, соңғы 9 күн ішінде 217 адамды өлімге кескен. АҚШ Қорғаныс министрі CNN арнасы арқылы жасаған мәлімдемесінде, Ирак әскерін «Рамади қаласы үшін болған ұрыста «Ислам мемлекеті» содырларымен соғысуға құлық танытпады», - деп айыптады.

Хасан Насралла, «Хезболла» қозғалысының көсемі:

Мен экстремистік топтардан төнген қауіп-қатерге қарап отырмауға шақырамын. АҚШ ешқашан, ешкімге қауіпсіздік кепілі бола алмайды. Сирияның қазіргі саяси күші мен оның одақтастары жеңіске жеткен күнде ғана ливандықтар үшін үміт бар. Ал егер «Ислам мемлекеті» мен «Джебхат ан-Нусра» жеңіске жетсе не болмақ?

Азамат АЛДОҢҒАРОВ