$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Deutsche Bank-тің Мәскеу филиалының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке қалды

AstanaTV
21.05.2015ж. 13:00
624
Deutsche Bank-тің Мәскеу филиалының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке қалды

Deutsche Bank-тің Мәскеудегі филиалының қызметкерлері күмәнді жолмен келген капиталды жымқыруға қатысты деген күдікке ілінді. Бұл туралы немістің «Manager Magazin»  басылымы жазады. Ақпарат құралының мәліметіне сай, Германияның қаржы саласын бақылайтын федералды басқармасына қаржылық құйтырқылық операциялар жайында банктің өзі хабарлаған. Осылайша жүздеген миллион еуро қаржы алаяқтардың айналымына түскен деп жазады басылым. Deutsche Bank-тің бас ғимаратында ішкі тергеу жұмыстары басталды. Тәуелсіз тергеу жүргізу үшін Лондон мен Нью-Йорктен мамандар шақыртылған. Істің мән-жайы анықталғанға дейін ондаған қызметкер жұмысынан шеттетілді. Айта кетерлігі Fitch агенттігі де  банктің рейтингін төмендетіп тастады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ


 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах