$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Ресей экономикасының құлдырауы көрші елдерге кері әсерін тигізіп отыр-БҰҰ

AstanaTV
21.05.2015ж. 13:00
1568
 Ресей экономикасының құлдырауы көрші елдерге кері әсерін тигізіп отыр-БҰҰ

Ресей экономикасының құлдырауы көрші елдерге кері әсерін тигізіп отыр. Мұндай мәлімет БҰҰ сарапшылары дайындаған «Әлемдегі экономикалық ахуал және оның келешегі» атты баяндамада келтірілген. Онда Ресей экономикасының биыл 3 пайызға қысқарып, 2016 жылы 0,1 пайызға ғана өсетіні көрсетілген. Ал әлемдік экономиканың өсімі 3,1 пайызды құрайды деп жазады ВВС. Кері факторлар ретінде мұнай бағасының құлдырауы, Украинадағы шиеленіс және Ресейге қарсы  санкциялар аталған. Ресейдегі экономикалық өсімнің  тежелуі, ТМД елдеріне де әсерін тигізуде. БҰҰ сапаршылары аталмыш елдерде жалпы ішкі өнім 2015 жылы 2,1 пайызға қысқарып, 2016 жылы  0,9 пайызға ғана өсетінін есептеп қойған. Сонымен қатар  мұнай мен газ экспортынан түсетін пайданың қысқаруы Қазақстан мен Әзірбайжан экономикасының өсімін тежейді деген пікірде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ