Елордада VIII Астана экономикалық форумы өз
жұмысын бастады. Форумға шамамен 90 елден 3 мыңға жуық делегат келді. Екі күнге
жалғасатын шара барысында отызға жуық сессия өтеді. Олардың барлығы
экономикадағы әлеуеті зор салалардың бірі - инфрақұрылымды дамыту тақырыбына
арналмақ. Шараны ұйымдастыруға БҰҰ, ЕҚЫҰ, Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық
іргелі ұйымдар ат салысып отыр. Ал, форумның ертеңгі жұмысына Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев қатысады. «Инфрақұрылым:
экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналған жиынның алғашқы
күнінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өкілдері экономикалық
интеграцияның тиімділігін талқылады. «Одақ аясындағы интеграция бизнеске
қаншалықты тиімді?»
деп аталған сессия қорытындысы бойынша трансшекаралық нарықта жосықсыз бәсекені
болдырмау туралы меморандумға қол қойылуы тиіс. Одақ мұндай фактілерді анықтап, Еуразиялық экономикалық комиссиясының қарауына жіберіп тиісті біріккен шаралар
қабылдауды көздейді. Форум жайлы толығырақ кешкі қорытынды жаңалықтарымызда айтатын
боламыз.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ