$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Неміс саяхатшылары Оралға ат басын тіреді

AstanaTV
20.05.2015ж. 20:00
1673
Неміс саяхатшылары Оралға ат басын тіреді

Орал қаласына Михаил және Роман Фитирер есімді ағайынды неміс саяхатшылары ат басын тіреді. Германиядан шыққан олар мотоциклмен Еуропа мемлекеттерін біраз шарлағанын айтады. Қазір ағайынды жігіттер қазақ, орыс, неміс, ағылшын, тіпті түрік және украин тілдерін де меңгеріп алған. Алты күнде 4 мың шақырым жолды артқа тастаған саяхатшылардың ендігі бағыты - туған жері - Оңтүстік Қазақстан облысы. Олар кезекті еңбек демалысын Шымкентте өткізуді жоспарлап қойған. 

Шымкентте дүниеге келген ағайындылардың ата-анасы Ұлы Отан Соғысы кезінде Қазақстанға жер аударылған. 1990-шы жылдары Фитирер отбасы туыстарымен бірге Германияға көшеді. Қазақша тіл сындырып, қазақтың салт-дәстүрін бала кезден бойына сіңірген ағайындыларға неміс жерінде тұру әу-баста қиынға соққан. Содан бері олар балалық шағы өткен өңірге барып қайтуды армандапты. Арада 23 жыл өтсе де, Фитирерлер қазақ тілін әлі ұмытпаған. Тіпті өздерін қарсы алған оралдықтармен қазақша қалжыңға басып, күлкіге қарық қылды.

Михаил Фитирер, саяхатшы:

Жолымыз жақсы болды, енді мына жерде айран мен бауырсақ кездесіп қалса, жол тағы мықты болады. Шымкентке шейін ұра береміз. Оралдың айранын ішкенде, бауырсағын жегенде, күш көп келеді. Осы күшпен Шымкентке шейін ұра береміз. 

Еркін КАРИН

Алдыңғы жаңалық