$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Ақтөбе полициясы аяғы темірге қысылып қалған керіктің егесіне қатысты іс қозғады

AstanaTV
21.05.2015ж. 10:00
1386
Ақтөбе полициясы аяғы темірге қысылып қалған керіктің егесіне қатысты іс қозғады

Ақтөбелік полиция тасымал кезінде қиналған керік туралы бейнетаспаны зерттеп, қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаменті хабарлады. Еске салайық, қолайсыз бокста тасымалдау барысында аяғы жарақаттанып, қиналған керіктің бейнежазбасы, жергілікті жануарларды қорғау қоғамының наразылығын тудырған еді. Бұл керік қыс кезінде қала сыртындағы арнайы жылы орында тұрған. Күн жылысымен, иесі оны шаһар ортасындағы зообаққа жеткізген. Сол кезде аяғы қолдан жасалған күймедегі темірге қысылып қалған. Зообақ мамандары оны босату үшін темір кесетін арнайы құрылғылар пайдаланыпты. Ал, дәнекерлеу оты мен шудан қорыққан керікті аяғы темірден босатылған соң да, біраз уақыт байлауда ұстауға тура келген еді. Жергілікті тәртіп сақшылары осы оқиғаға орай, Қылмыстық Кодекстің 316-шы, яғни «жануарға дұрыс қарамай салғырттық танытты» деген бап бойынша, оның егесіне қатысты іс қозғаған.

Мансұр ЕСХОЖИН