Атырау облысында жол-көлік апатынан алты адам қаза тапты. Тағы бір адам
ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Жол апаты Құлсары-Бейнеу тас жолы бойындағы
Майкөмген ауылының тұсында болған.
Бейнеуге бағыт алған КАМАЗ қарсы бағыттағы «Лада» жеңіл көлігімен бетпе-бет соқтығысады. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен 5
жолаушысы алған жарақаты салдарынан көз жұмды. 29 жастағы тағы бір жолаушы Құлсары қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Алдын ала болжам бойынша, апатқа
КАМАЗ-дың жүргізушісі кінәлі көрінеді. «Ол жаңбырдан кейін жолдың
тайғақ болуы себепті, ауыр көліктің тізгініне ие
бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен», - дейді ІІД мамандары.
Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің
хатшысы:
КАМАЗ көлігінің 36 жастағы жүргізушісі көлікті басқару жүйесін игере алмай,
қарсы бағытқа шығып, өз бағытында бара жатқан Өзбекстан елінің азаматының
басқаруындағы «Лада Ларгус» көлігімен соқтығысқан. Оқиға қатысты ҚР ҚК 345
бабымен қылмыстық іс көтеріліп, тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.
Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ