Germanwings
әуе компаниясына тиесілі ұшақта қаза болған марқұмдардың жеке басы апаттан
кейін екі айға жуық уақыт өткенде ғана нақтыланды. Франция аумағында Альпі
тауларына құлап күл талқаны шыққан лайнерде 150 жолаушы болған еді. Марсель
прокуратурасы өкілдерінің хабарлауынша, марқұмдардың мәйіттері туған-туыстарына
беріледі. Рейтерс, қаза туралы куәліктер Lufthansa әуе компаниясына берілгенін
хабарлады. Өйткені мүрделерді жеткізумен солар айналысады. Барселонадан
Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы наурыздың 24-де таулы аймақта
апатқа ұшыраған еді. Бортта Қазақстан азаматтары - Иманқұловтар отбасы да
болды. Тергеу нәтижесіне сай, қайғылы жағдай екінші ұшқыш Андреас Лубицтің
кінәсінен болды деген байлам жасалды. Ол ұшақты қасақана төмендеткен сыңайлы.
Бұл әрекеттің соңы қайғылы аяқталып, әуе кемесінде болғандар түгелдей қаза
тапты.
Айгүл ӘДЕПБАЙ