$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Мьянмадан шыққан 4 мың Рохинья босқындары шағын кемелермен теңізде теңселуде

AstanaTV
20.05.2015ж. 13:00
1001
Мьянмадан шыққан 4 мың Рохинья босқындары шағын кемелермен теңізде теңселуде

Индонезиялық балықшылар Ачех провинциясының жағалауында Мьянма мен Бангладештен шыққан 374 босқынды құтқарды деп хабарлайды  Рейтерс. Осыдан бірнеше күн бұрын Малайзия жағалауларында мыңға жуық босқын құтқарылған еді. Заңсыз тасымалдаушылар босқындар тиелген кемені жағалаудың саяз жерінде қалдырып кеткен. Бір қызығы, Еуропаны аңсайтын африкалық босқындарға қарағанда, бұлардың жағдайы өзгеше. Өздері Рохинья халқы болғандығы үшін ғана қысым көрсететін мекендерінен безіп, тыныш мекен іздейді. Еске салайық, халықаралық ұйымдардың Мьянмадан кетуімен, аталмыш шағын діни топтың тіршілігі қиындап, нәтижесінде Индонезия, Малайзия, Тайланд сынды елдерге үдере көшуге мәжбүр болды. Алайда ол мемлекеттерде де босқындарды құшақ жайып қарсы алған ешкім жоқ. Осылайша, Мьянмадан шыққан 4 мың Рохинья босқындары шағын кемелермен теңізде теңселуге мәжбүр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ