Алматыда 10 жасар қызға
әлімжеттік жасап, зорлық көрсеткен педофилдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол
1963 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Бұл жайында қалалық ішкі
істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.
Белгілі болғандай, күдікті кеше кешкісін Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі
қызметкерлерімен құрықталған. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 12 мамырда көп
қабатты тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адамның 10 жасар қыз балаға күш
көрсетіп жатқаны, кіреберістегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған еді. Қыз
баланың анасы 16 мамырда аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне
арыз түсірген. Ол өзінің 10 жастағы қызына белгісіз ер адам тарапынан зорлық
әрекеті жасалғанын айтқан. Педофилдің кәмелеттік жасқа толмаған балаға зорлық
көрсету әрекеті заң органдары тарапынан жазаланатын болады.
Салтанат Әзірбек, Алматы
қалалық ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі:
52 жастағы жергілікті күдікті
қазір түсінік беру үстінде. ҚР Қылмыстық кодексінің 124 бабы бойынша, қылмыстық
іс қозғалды. Нәтижесінде тиісті сараптама жасалды. Тергеу жалғасатын болады.
Кінәсі дәлеледенсе, қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша 5 жылдан аса мерзім
көзделіп отыр.
Айгүл ҚАДЫРБАЕВА