Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қытай капиталы құлдырады

AstanaTV
20.05.2015ж. 10:00
2324
Қытай капиталы құлдырады

Қытайда капитал құлдырауының рекорддық көрсеткіші тіркелді. «Financial Times» газетінің жазуынша, «бұл - елде қаржылық тұрақтылыққа қатысты қауіптің барын білдіреді, әрі негізгі пайыздық үстемелерді төмендету арқылы экономикасын еселендірмек болған Қытайдың шешімін қиындатады». Ресми мәліметтерге сәйкес, Қытай Халық Республикасының төлем балансының тапшылығы 2015 жылдың бірінші тоқсанында 80 млрд долларды құраған. Қытай капиталының құлдырауы олардың экономикасына тәуелді инвесторларды да алаңдатып отыр. Өйткені, осы жылдың бірінші тоқсанында Қытай экономикасының өсу қарқыны 7%-ға дейін баяулапты. «АҚШ долларының нығаюы, сонымен қатар, елдегі негізгі пайыздық үстемелердің төмендеуінен инвесторларды қаржыны Қытай экономикасынан әкетуге итермелейді» деп жазады басылым. Ал, экономистер болса, капитал құлдырауы елдің қаржылық құрылымы мен тұрақтылығына қауіп туғызбайды деп санайды. Сарапшылар болса, капиталдың құлдырауы қытайлық инсвесторлардың өз алымдарын әртараптандыруға ұмтылуына әсер етеді. Мұны оң белгі ретінде қарастырған жөн, қандай да бір қауіппен үрейленудің қажеті жоқ деп сендіреді.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ