Жеңілдетілген
автонесиелеу бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының 40 пайызы игерілді. Бұл
жөнінде Орталық коммуникация қызметінде өткен брифинге Қазақстан даму банкі
басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді. Бүгінде 5 млрд 682 млн теңгеге,
азаматтардан түскен 1 мың 757 несие алу өтініші мақұлданған. Болат Жәмішев
Қазақстан Даму банкі несиелендіру мәселесімен айналыспайтынын, бағдарламаға
қатысудағы мүмкіндіктерін тек екінші деңгейлі банктердің саралайтынын
нақтылады. Елімізде автонесие бойынша бөлінген қаржы игеру жағынан ресейлік
«Сбербанк» көш бастап тұр. Банктің несиелендіру лимит шегі 2 млрд теңге болатын
болса, қазір олар 1 миллиард 569 миллион теңгеге өтінім қабылдап үлгерген.
Болат
Жәмішев, Қазақстан Даму банкі басқармасының төрағасы:
Қазіргі
қолда бар мәліметтерге сай, банктеріміз өз лимиттерін толықтай игерген жоқ.
Әзірге бағдарламаға барлық банктер қатысуда. Олар бастапқыда бөлінген қаржының
40 пайызын игерді. Әлі 60 пайызы бар.
Еске
салайық, жеңілдетілген автонесилеу бағдарламасы Президенттің «Нұрлы жол»
бастамасы бойынша қолға алынған болатын. Мақсат - отандық автоөндірушілерді
қолдау, әрі сатып алушылар сұранысын қанағаттандыру еді. Осы бағытта Ұлттық
қордан 20 млрд теңге бөлінген.
Данияр
ӘЛІМҚҰЛОВ