Жол апатына кінәлі
танымал тұлғалардың балалары тиісті жазасын алу керек. Бұл туралы Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев, Алматыда өткен жиын барысында мәлімдеді.
Қалада орын алатын
жол көлік апаты өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. «Сондықтан, апатқа кінәлі азаматтардың барлығы Заңның негізінде жазасын алуы тиіс», - дейді Президент.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Ерекше атап өткім келеді - танымал адамдардың
балалары мен туыстарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары аз емес. Заңның
алдында бәрі тең, сондықтан, мұндай жағдайларда балаларды да, ата-аналарын да
мейлінше қатаң жазалау қажет. Осыны
бақылауға алыңыздар!
Мемлекет басшысы
Алматыны дамытуға арналған жиын барысында, қаланың 2013-жылғы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарларымен танысты.
Шаһарды дамыту әрқашан мемлекеттің назарында болатынын айтты. «Алматы сияқты
ірі мегаполис қана ғылымның, инновация мен білім берудің орталығы болады», -
деді.
Қаланың экологиялық
жағдайы да, назардан тыс қалған жоқ. Қазір мұнда халық саны 1,5 миллионға
жақындап келеді. Оған қоса автокөліктер де жыл санап артуда. Президент қала
басшысына халықтың әл-ауқатын арттырып, жол көлік қозғалысын реттеуді тапсырды.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қалада шешілетін күрделі-күрделі мәселелер
бар. Үй салу, тұрғын үй салу жұмыстары өсіп-өркендеп келе жатыр. Дегенмен,
қаланың тазалығы, экологиясы, ол транспортқа байланысты. Содан кейін кезінде
қалып қойған мәдени, спорт кешендерін салу, болашақта болатын универсиада.
Содан кейін таудағы туризмді дамытамыз деп жатырмыз.
Досжан ҚАЛИЕВ