Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Түрме экстремистер мен террористердің мекеніне айналмауы қажет - Ж.Асанов

AstanaTV
11.12.2015ж. 20:00
1361
Түрме экстремистер мен террористердің мекеніне айналмауы қажет - Ж.Асанов

Түрме экстремистер мен террористердің мекеніне айналмауы қажет. Түрме реформасына арналған ІІІ форум барысында Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, елде түрмеден шыққандарды оңалту жұмыстары мүлде жетілмеген. Сондықтан темір тордан босағандар көп күттірмей түрмеге қайта оралады. Олардың көбі діни ағымдардың жетегінде кетіп жатса керек. Алматыдағы Ақсай теракті, Париждегі теракті соның салдары, - деді Жақып Асанов. Сотталғандар қылмысқа қайта бармас үшін, оларды қоғамға бейімдеп, ал қоғамның оларға деген көзқарасын өзгерту керек деген ұсыныс айтылды.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Біз түрмеден шығып, аяғынан тік тұрып, өз өмірін оңтайландырған адамдарды көрсетуіміз керек. Медиа жоспар құрып, БАҚ арқылы қамауда болған адамдар қоғамға қажет емес деген пікірді түбегейлі өзгертуіміз керек. Мұндай түсінікті өзгертпесек, сотталғандар қалыпты өмірге қайтып оралуы екіталай. Ресоциализацияның қалыпты инфрақұрылымын жетілдіруіміз қажет.

Мемлекет сотталған әр адамды асырау үшін жылына 800 мың теңге жұмсайды. Ал олар өз нанын тауып жеу үшін электронды білезікті қолдану керек, - дейді Бас прокурордың орынбасары. Оларды бостандыққа шыққандарды жұмыспен қамту - бөлек бір проблема. Соңғы екі жылда 22 мың бостандыққа шықса, оның тек 1 мыңы ғана жұмысқа тұрған.

Берік ХАСЕНОВ