Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«СКАТ» ұшу қызметі директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
11.12.2015ж. 20:00
909
«СКАТ» ұшу қызметі директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

2013 жылы Алматы түбінде 21 адамды ажал құштырған «CRJ-200» ұшағы апатына кінәлі деп танылған күдікті ісі сотқа жолданды. Мұндай ақпарат бүгін Бас көлік прокуратурасының ресми сайтында жарияланды. Қазір ұшақ апатына қатысты тергеп-тексеру амалдары аяқталып, іс сотқа жолданған.

Олардың дерегінше, апатқа ұшу экипажының дұрыс іс-қимыл жасамауы себеп болған. Ұшудың соңғы сәттерінде ұшақтың жерге жақындағанын борт компьютерінің дабылы ескерткен. Алайда әуе командирі бұл уақытта ұшақты басқара алмаған. Ал, оның көмекшісі бұл уақытта диспетчерлермен байланысқан. Ресми хабарламада: ұшу қызметінің директоры олардың ұшу алдында демалуына жағдай жасамаған, - деп жазылған.

Естеріңізге салайық, 2013 жылдың 29 қаңтарында «СКАТ» әуе компаниясының «Көкшетау-Астана» рейсін орындаған «CRJ-200» ұшағы Алматы жерінде апатқа ұшыраған болатын. 21 адам, оның ішінде 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі қаза тапқан еді.

Айгүл ЕРМАХАН