Тәуелсіздік
күні қарсаңында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес элита өкілдерін
мемлекеттік сыйлықтармен марапаттады.
Елбасы
атынан мемлекеттік наградаларды Ұлттық палатаның төралқа төрағасы Тимур
Құлыбаев салтанатты түрде табыстады.
Бірқатар кәсіпкерлер белсенді қызметі үшін «Парасат» және «Құрмет» ордендері
мен «Ерен еңбегі» үшін төсбелгісін тақты. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер
палатасының бірқатар қызметкерлері де президиум бекіткен марапаттарға ие болды.
Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат
Мыңбаев, тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры
Николай Радостовец те бар.
Орақ
Құдайберді, «Қазақтүрікмұнай» компаниясының
бас директоры:
Елбасының
айтатыны, мұнай мен газ - бұл бүгінгі экономиканың локомотиві. Азғантай болып жатқан қиыншылықтар - өтпелі
кезең. Бәрінен де өтеміз, барлық уақытта да біздің байлығымыз бар, жетерлік. Сондықтан тек
бірлік, амандық, бүкіл қазақстандықтарға мен тек қана бақыт тілеймін. Әр жанұяның болашақтары болсын.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА