Ел
тарихында алғаш рет жергілікті полиция бастығын мәслихат депутаттары сайлады.
Ол қызметке Астана Ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция қызметінің
бұрынғы басшысы тағайындалды. Қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин ұсынған
кандидатты депутаттар бірауыздан мақұлдады. Бұл жаңашылдыққа «Жергілікті
полиция қызметі» туралы заңның аясында қол жетіп отыр.
Еске салсам, бұл заң
бірінші қаңтардан бастап күшіне енеді. Оған сәйкес «Жергілікті полиция қызметі»
құрылымына учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік, ювеналдық, табиғатты қорғау
полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтардан қорғау, арнайы қабылдау бөлімдері
кіреді. Сонымен қатар, полиция басшысы жылына екі рет мәслихат депутаттары
алдында, бір рет халық алдында есеп беруі тиіс.
Бақытжан
Малыбаев, Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы:
Қарқынды
қызмет істеп, барлығын оңтайландырамыз. Жергілікті атқарушы билік өкілдерімен,
қоғамдық кеңеспен бірігіп, жұмыс істейтін боламыз. Қаладағы қылмысты азайту үшін, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, олармен өзара әрекетті
реттейміз.
Берік ХАСЕНОВ