Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астана қаласы бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымы ашылды

AstanaTV
22.04.2016ж. 20:00
1757
Астана қаласы бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымы ашылды

Астана қаласы бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымы ашылды. Қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері астаналық саябаққа жиналып, «Гүлдене бер, Туған ел!» атты жалпыұлттық жастар марафон-эстафетасын бастады.

Жиынға арнайы қатысып, құттықтауын білдірген «Нұр Отан» партиясының хатшысы  Фархад Куанғанов марафон қатысушыларын елдің шынайы патриоттары деп атады. Белсеңділер саябақ аумағын тазалап, көшеттер отырғызды. Марафон аясында сенбіліктер тұрақты түрде өткізілмек. "Жас отандықтар" жыл бойы спорт алаңдарын салып, ағаш отырғызып, көшеттерді күтумен айналыспақ. Сонымен қатар, жол бойындағы инфрақұрылымды абаттандырып, өзен алқаптарын тазартып,  ардагерлер, зейнеткерлер мен әлеуметтік әлсіз топтарға және мүмкіндігі шектеулі жандардың шаруаларына көмектесетін болады.

Шахмардан Байманов, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

Бұл акция, марафон-эстафетаның тек қана еңбекпен тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар патриоттық тұрғыдағы үлкен бір жалпыұлттық бастама. Республика бойынша жастар қатысады. Бұл тек бір реттік шара емес. Бұл күнделікті, жыл бойы өткізіледі. Бүкіл студент жастар, оқушы жастар, жұмысшы жастар -бырлығын біз осы акцияға шақырамыз қатысуға. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ