Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өскемендегі жылу электр станциясына 84 миллион теңге айыппұл салынды

AstanaTV
30.12.2015ж. 20:00
964
Өскемендегі жылу электр станциясына 84 миллион теңге айыппұл салынды

Өскеменге экологиялық апат қаупі төнді. Ауаны ластағаны үшін Согрин жылу электр станциясына 84 миллион теңге айыппұл салынды. Мекеме құжат жүзінде «күкірттің ауаға таралуын 34%-ға азайтатын құрылғыны орнатылды» деп көрсеткен. Алайда, іс жүзінде  зиянды заттардың тек 10% ғана тұтылып, қалғаны ауаға тарапты. Салдарынан жылу электр станциясына жақын орналасқан бірнеше ауданда ауа ластана бастаған. Тіпті күкірт, қорғасын, диоксидті азот секілді 1-санатты зиянды қалдықтар нормадан 10 есе асып кеткен. Бір қызығы, экология департаменті қамсыз отыр. Тексеріс те жүргізбеген. Ал электр станциясының қулығын әшкерелеген табиғат қорғау прокурорлары бұл істі соңына дейін жеткізбек.

Бақытжан Ізғұттинов, ШҚО табиғат қорғау прокуроры:

Олар бөлінетін күкірттің 34%-ын ауаға  жіберіп жатқанын айтады. Алайда зауыттың құжатын көтеріп, тек қана 10%-ын ғана бақылауда ұстап отырғанын дәлелдедік. Қалған 24% үшін олар салықтық жеңілдікке ие болған. Біздің  салған айыппұлымыз 84 млн теңге. Оның 24 миллион теңгесін төледі. 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық