Инвестициялар және даму
министрі Әсет Исекешев Қазақстанның инвестициялар бойынша омбудсмені болып
тағайындалды. Тиісті қаулыға премьер-министр Кәрім Мәсімов қол қойған. Ақпарат
үкіметтің ресми сайтында жарияланды. Онда Кәсіпкерлік кодекстің 314-ші бабына
сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Өрентайұлы Исекешев
инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын, делінген. Қаулы бірінші қаңтардан
күшіне енеді.
Айта кетейік, инвестициялық
омбудсмен - инвесторлардың заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, сондай-ақ
олардың дауын сотқа жеткізбей шешуге жауапты лауазым иесі.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ