Бүгін
бүкіл ел аза тұтуда. Қазақстанның барлық аймақтарында мемлекеттік тулар төмен түсірілді. Ақтөбедегі
қанды оқиғада жазықсыз көз жұмған жандарды Алматы халқы да еске алды. Алаңдар
мен гүлзарларда әдеттегідей әуен ойнаған жоқ. Мәдени іс-шаралар кейінге
шегерілген.
Ал Шымкенттегі Ордабасы
алаңында үлкен ту түнгі сағат 12-де төмен түсірілді. Оңтүстік халқы бейбіт
күнде опат болған жандардың қазасына қайғыруда.
Өскеменде кинотеатрлар жұмыс
істеген жоқ. Барлық сеанстар кейінге шегерілді. Әкімшілік сатылған билеттердің
ақшасын кері қайтаруға немесе өзге күнге ауыстыруға дайын. Қалалықтар
Ақтөбедегі лаңкестік оқиғада қайтыс болғандардың туыстарына жергілікті сайттар
арқылы қайғырып көңіл айтуда. Атырау халқы да мұндай шаралардан шет қалған жоқ.
Барлық мекемелерде жұмыс күні бір минут үнсіздікпен басталған. Халық енді
мұндай қаралы күндердің болмауын қалайды.
Қайғырамыз, коллективімізде тұрып еске алдық, қайтқан
кісілердің туыстарына көңіл айтамыз. Бәрімізге де ауыр түсіп жатыр. Айтатыны
жоқ. Қайталанбасын деп жатырмыз.
Ендігі
жерде мұндай жағдай болмасын деп, қай ұлт өкілі болмасын, қай жер болмасын,
бәрі де еңбекші халықтың тілейтіні - бейбітшілік.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ