Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ҰБТ-дің 7 күндегі қорытындысы

AstanaTV
09.06.2016ж. 20:00
1067
ҰБТ-дің 7 күндегі қорытындысы

Маусымның екісі мен сегізі аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 83824 түлек қатысты. 61535-і қазақ тілінде, 22289 түлек орыс тілінде сынақ тапсырды. Мектеп бітірушілердің 19-ы мүмкін болған ең жоғарғы 125 ұпайды жинаған. 16506-сы бес пән бойынша 100-ден жоғары балл алған. Ал 14240 түлек 50 баллдан төмен көрсеткішке ие.

ҰБТ кезінде бірнеше заң бұзушылық анықталды. Тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған 38 мектеп бітіруші емтиханнан шығарылды. Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына тестілеу нәтижесімен келіспегендерден 539 өтініш түскен. Бұл шағымдар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндері бойынша. Ең төменгі баллды жинай алмаған түлектер қайта емтихан тапсыруға құқылы. Ол үшін өтініштер тамыздың 1-і мен 18-і аралығында қабылданады. Ал, сынақ тамыздың 19-ы мен 24-і аралығында өтеді.

Айжан ҚУАШ