Ыстамбұл
билігі метро стансасы маңында болған жарылысты лаңкестік шабуыл деп хабарлады.
Жергілікті билік тарапынан бұдан басқа мәлімдемелер әзірге болған жоқ.
Мына
бейнекадрларды Reuters агенттігі түсірген. ШаҺардағы «Байрампаша»
метро бекетіне жақын жерде жарылыс орын алғанын Ыстамбұл мэрі Васип Шахин
мәлімдеген. Reuters-тің мәліметінше, Байрампаша ауданының басшылығы елді дүрліктірген күдіктіні полицейлердің
қолға түсіргенін хабарлады. Ол 28 жастағы жергілікті азамат. Куәгерлер
күдіктінің оқиға орнынан қашып бара жатқанын көрген. Төтенше оқиға салдарынан 1
адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды.
Жарылғыш зат 1 желтоқсан күні
метро бекеті тұсында іске қосылған. Дәл
осы сәтте жер астында поезд жүріп бара жатқан еді. Адам көп қарбалас кез әдейі
таңдалған болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір Ыстамбұлда метролардың жұмысы
уақытша тоқтаған. Жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ