Қытай
валютасы жаңа мәртебеге ие болды. Бұдан былай юань доллар, еуро,
фунт-стерлинг, жапондық иен секілді резервтегі валюталар қатарында. Бұл
туралы Дүниежүзілік валюта қоры ресми
түрде мәлімдеді.
New York Times басылымы техникалық сұрақтарды шешуге 10
ай қажет екенін жазады. Қытай ақшасының жаңа мәртебесі өзге валюталарға әсер
етпей қоймасы анық. Оның ішінде әсіресе АҚШ долларының ықпалын әлсіретуі
мүмкін. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ әлем бойынша өндірілетін жалпы
ішкі өнімнің жартысын қамтыған еді. Қазір Құрама Штаттарға өнімнің тек бестен
бірі тиесілі.
New York Times сарапшылары: «Қытайдың әлемдік
экспорттағы үлесі - 13 пайыз. Халықаралық қаржы айналымында юаньнің үлесі 2 пайыз
ғана», - деп жазады. Сондай-ақ
америкалықтар жақында девальвацияға ұшыраған юаньнің бұл мәртебе лайық
еместігін де меңзеп отыр. Алайда Дүниежүзлік валюта қоры Қытайдың әлемдік
экономикадағы зор ықпалын ескеріп, осындай шешім қабылдады.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ