Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жастарға техникалық мамандықты тегін оқыту экономикаға тірек болады - сарапшылар

AstanaTV
02.12.2015ж. 20:00
1163
Жастарға техникалық мамандықты тегін оқыту экономикаға тірек болады  - сарапшылар

Елбасы биылғы Жолдауында 2017 жылдан бастап жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім берудің жаңа жобасы басталатынын айтқан еді. Осы ретте сарапшылар, жастарға техникалық мамандықты тегін оқыту экономикаға үлкен тірек болады, деген пікірде.

Еуразиялық ықпалдастық институтының бөлім меңгерушісі Арман Ешмұратов Орталық коммуникациялар қызметіндегі Жолдауға арналған баспасөз мәслихатында осы жәйтке тоқталды. Оның айтуынша, кәсіби-техникалық мамандықтарға көңіл аудару - индустрияландыру саясатына сай келеді. «Гуманитарлық мамандықтар қаптаған заманда техникалық оқуды тегін қылу - стратегиялық қадам», - дейді Ешмұратов.

Арман Ешмұратов, Еуразиялық ықпалдастық институтының бөлім меңгерушісі:

30 пайыз жастар - білімсіз, мектепті бітіргеннен кейін ешқандай білім алмай, қалып қояды. Сол себептен бізге не керек, оларды, біріншіден, жұмысқа алу үшін үйрету керек, солай ғой. Мен ойлаймын, жалпы Елбасы өзінің маңызды бағытын жариялады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ