Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағанды кеншілері бар ынта-жігермен жұмыс істеуді қолдайды

AstanaTV
02.12.2015ж. 20:00
1160
Қарағанды кеншілері бар ынта-жігермен жұмыс істеуді қолдайды

Қарағандыдағы кеншілер мен металлургтер, экономикалық қиындықтар орын алған қазіргідей кезеңде, ерекше ынтымен жұмыс істеген дұрыс деп санайды. Елбасының жолдауын мұқият тыңдаған "Көмір" кәсіподақ ұйымының ұжымы осындай ой түйді. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының шахталарында көмір қазатын азаматтар күн көріс қамымен шектелмей, елдің экономикалық жағдайын жақсартуға да елеулі үлес қосуға дайын екенін жеткізді. 

Марат Миргаязов, «Қорғау» кеншілер кәсіподақ ұйымының төрағасы:

Әлемде қандай экономикалық қиындықтар болып жатқанын білеміз. Елбасы өз жолдауында тұрақты жоспарлау жайына тоқталды. Экономикалық даму бағытын ұстанатынын айтты. Біз «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы дағдарыстан шығатынымызға сенеміз. Ұстанымымыз да, саясатымыз да осы.

Мейрам Бейсенов, Костенко атындағы шахта кеншісі:

Бүгін Елбасының жолдауын тыңдадық. Дағдарыстан қалай шығу жолдарын айтты. Қазақстанның өндіріс саласын жақсартуға əркім ат салысып, үлес қосуы тиіс. Барлығымыз Елбасы саясатын қолдаймыз.

Айжан ҚУАШ