ФИФА айналасында
жанжал толастар емес. Жуырда Халықаралық футбол федерациясының екі бірдей өкілі
пара алды деген күдікпен ұсталды.
Қамауға алынған ФИФА шенеуніктері
Альфредо Хавит пен Хуан Анхель Напоут Оңтүстік Америкада өткен турнир мен әлем
чемпионатының іріктеу жарыстарына берілетін маркетингтік құқықтарды сату
кезінде пара алған. Бұл ақпаратты Швейцарияның әділет федералды бөлімінің ресми
сайты таратты. Қазір қамауда отырған ФИФА өкілдері алдағы уақытта АҚШ-қа
экстрадицияланады.
Осы күні Цюрих қаласында аталған ұйымның атқару комитетінің
жиыны өтуде. Шара аясында Швейцария полициясы ФИФА-ның жемқорлыққа қатысы бар
басқа да өкілдерін қамауға алды. Еске салайық, Халықаралық футбол
федерациясының бірқатар шенділері пара алды деп айыпталып, қамауда отыр.
Сондай-ақ, жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ФИФА президенті Йозеф Блаттер
мен УЕФА басшысы Мишель Платини тәртіп комитетінің шешімімен 90 күнге жұмыстан
шеттетілді.
Самат ҚАНАҒАТОВ