Бес
институционалдық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын
орындауда «Нұр Отан» партиясын ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Елбасы, «Нұр Отан»
партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары
Асқар Мырзахметовпен кездесу барысында осыны айрықша атап айтқаны белгілі.
Мемлекеттік реформаларға қатысты мәселелерді халыққа түсіндіру - «Нұр Отан» партиясына жүктелген басты міндеттердің бірі. Партия жанынан
құрылған үгіт-насихат тобы өңірлерде көшпелі семинарлар өткізуді бастады.
Осындай шаралардың бірі бүгін Шымкентте өтті.
Елбасы жүктеген ауқымды міндеттерді орындау тұрғысында партия төрағасының
бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша қолға алынған
жиынның мақсаты - жүргізіліп отырған реформаларды, жаңадан қабылданған
мемлекеттік бағдарламалар мен жуырда бекітілген 21 регламенттік құжаттың
ережелерін халыққа түсіндіру. Конференция жұмысын партияның бірінші
орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли бастаған орталық аппарат қызметкерлерінен
құралған лекторлар жүргізді. Басқосуға «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан
облыстық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының
өкілдері қатысты.
Берік
Уәли, «Нұр Отан» партиясы төрағасы
бірінші орынбасарының кеңесшісі:
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, яғни бюджеттің тиімді игерілуі, ол жергілікті жерлерде қалай орындалып жатыр,
әсіресе «Нұрлы жол» бағдарламасының қалай жүзеге асып жатқандығын, осы арнайы
«Нұр Отанның» қатаң бақылауында болады. Сол бағытта арнайы инспекторлар шығып, ай сайын осы бағдарламалардың жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде қадағалау
жүргізетін болады.
Шымкентте өткен көшпелі семинарды Жамбыл мен Қызылорда облысындағы партия
ұйымдарының өкілдері де бейнеконференция арқылы тыңдады. Партиялық лекторлар
мемлекет деңгейінде жүзеге асып жатқан реформалар мен партия Доктринасында
айқындалған басымдықтар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жұртшылыққа
жеткізді. Партияға жүктелген міндет ауқымды. Осы себепті билік партиясы
филиалдарындағы штат көлемі 43 пайызға артып отыр.
Берік
Садықов, «Нұр Отан» партиясының Шымкент
қаласы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Бұған
дейін де жұмыстар жүргізіліп жатты. Дегенмен енді жаңа ережелер, жаңа
бағдарламаларды жүзеге асыруда «Нұр Отан» партиясының іс-шаралар жоспары
көбейгендіктен, мен ойлаймын, жұмыс сапасын әрі қарай жүзеге асыруына және
тиімді және өз уақытында жобалардың жүзеге асуына біздің штаттың бір бірлік
берілгені біздерге, әрине, қуантады.
«Нұр Отан» - халықтың зор сеніміне ие болған
партия. Өткен он айда партияның қоғамдық қабылдауларына 73 мыңнан астам азамат
өтініш білдірді. Соның 20 пайызының мәселесі нақты шешімін тапқан. Өзгелері
қаралу үстінде. Партияға деген жұртшылықтың сенімі қаншалықты жоғары екенін
осыдан аңғаруға болады. Билік партиясының өкілдері, халыққа етене жақындап,
қоян қолтық жұмыс істеуде өзге де жаңашылдықтар енгізіліп жатқанын айтты.
Мәселен, енді азаматтар үйінен шықпай-ақ өз шағымын билікке жеткізе алады.
Берік
Уәли, «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі:
Бізде
арнайы ватсап желісі бойынша да әлеуметтік желі арқылы арнайы нөмір белгіленіп,
ол халық тікелей сұрақтарын соған түсіруге болады және оған нақты жауабы
беріледі.
«Нұр Отан» партиясында кадрлық резерв
туралы ереже мақұлданды. Оның құрамы бастауыш партия ұйымдарының белсенділері
мен партияның қолдаушыларынан
жасақталады. Мұнан бөлек «Жас Отан» ЖҚ
белсенділері мен партия аппараты қызметкерлері де кадрлық резервке алынады.
Айта кетейік, партияның лекторлық насихат топтары 8 өңірге шығып, осы бағыттағы
жиындар өткізуде.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ