Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауларына жыл басынан бері 73 мыңнан астам өтініш түскен

AstanaTV
19.11.2015ж. 20:00
1234
«Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауларына жыл басынан бері 73 мыңнан астам өтініш түскен

«Нұр Отан»  партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жыл басынан бері Мәжіліс депутаттары 70-тен астам, министрлер мен вице-министрлер 61 жеке қабылдау өткізді. Үкімет мүшелерінің қабылдауына әр азамат алдын ала тіркелу арқылы қатысқан.  Ал әкімдер мен олардың орынбасарлары 7 мыңнан аса қабылдаулар өткізді. Мұнан бөлек, 7582 телефон қоңырауы тіркелді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Абылайхан Оспанов мәлімдеді.

Ал жыл басынан бері жалпы еліміз бойынша 73 мың азаматтан келіп түскен өтініштердің 14 600-ден астамы, яғни 20 пайызы оң шешімін тапқан. 55 500-ден астамына немесе 76 пайыз өтініш бойынша түсініктемелер берілді. Республика бойынша билік партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне мамандардың азаматтарды жеке қабылдау барысында 40 мыңнан астам адам көмекке жүгінген. 

Абылайхан Оспанов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

«Нұр Отан» партиясының сайтында, барлық жерде біз оны ілеміз. Әр айдың басында, осы айда желтоқсан айында болған қабылдаулар бүкіл ақпараттық құралдарында, жергілікті жерлерде, біздің сайтымызда, қоғамдық қабылдаулар бөлмелерінде ілініп тұрады.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен арыздар құр қаралып қана қоймайды. Еліміз бойынша келген барлық арыздар мен ұсыныстар сараланып, өзектілері  «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясына беріледі. Ал, депутаттар жаңа заңдарды қабылдар кезде ол ұсыныстарды ескеретін болады.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан»  фракциясының мүшесі:

«Нұр Отаннан» да бұл кісілер кездесіп келгеннен кейін өздерінің ұсыныстарын қабылдаған бізге алып келді. Мына қазір қабылдаған қазіргі заңдарға соның барлығы кіргізіліп жатыр. Көбі кіргізілді, енді әлі де қарастыратын жағдайлар бар. Біздің қазірде қаралып жатқан заңдарымыз бар, соларға біз бәрінде кіргіземіз деген ойдамын.

Берік ХАСЕНОВ