Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Францияда теракт ұйымдастырғандар әлі күнге дейін бостандықта жүр

AstanaTV
19.11.2015ж. 20:00
911
Францияда теракт ұйымдастырғандар әлі күнге дейін бостандықта жүр

Лаңкестердің келесі көздеген нысаны Италия мен Ватикан болуы мүмкін. Осындай ақпаратты АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдеді. Олардың дерегінше, ДАИШ Әулие Петр шіркеуі мен Миландағы шіркеуде және «Ла Скала» театрында жарылыс ұйымдастыруы мүмкін. Одан бөлек, лаңкестер мейрамханаларға, қонақ үйлер мен өзге де театрларға шабуыл жасауы ықтимал. Мәселен, таяуда Париж маңында ұсталған террористердің Францияда жаңа шабуылдар ұйымдастырмақ болғаны анықталған. Бұл туралы Париж  прокуроры Франсуа Моленс мәлімдеді.

Еске салайық, арнайы операция кезінде 8 адам қолға түсіп, екеуінің көзі жойылған. Әйтсе де, Франциядағы қанды қырғынды ұйымдастыруға тікелей қатысы бар адамдар сытылып кетті.

Франсуа Моленс, Париж қаласының прокуроры:

8 адам қамауға алынды. Бірақ арасында терактіні ұйымдастырды деп танылған Абдельхамид Абаауд пен Салах Абеслам болмай шықты. Лаңкестерді қолға түсіру өте қиынға соқты. Оларға қарсы 5 мыңдай оқ атылып, бес полицей жараланды.

Берік ХАСЕНОВ