$498.51 €522.84 ₽4.81
×

А.Мырзахметов Павлодар өңірінде бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың жолдарын талқылады

AstanaTV
20.11.2015ж. 20:00
1216
А.Мырзахметов Павлодар өңірінде бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың жолдарын талқылады

Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын орындауда «Нұр Отан» партиясының міндеті ауқымды. Әсіресе, маңызды құжатты халыққа түсіндіру жұмыстары кезек күттірмейді. Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев басты саяси ұйымның алдына нақты міндеттер жүктеді. Партияда жасақталған сегіз арнайы топ жер жерлерде түсіндіру шаралаларын бастады. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов бастаған топ Павлодар өңіріне келді.

Партия белсенділерімен кездесіп, бірқатар кәсіпорындарда болды. «Нұр Отан» партиясының белсенділерімен өткен кездесуде партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов алда күтіп тұрған елеулі оқиғаларға тоқталды. Мемлекеттік реформаларға қатысты түсіндіру жұмыстарының бағытын нақтылады. «Атқарылар шаралар ауқымды. Бұл тұрғыда партияның бастауыш ұйымдарының рөлі ерекше», - деді. Ұлт жоспарын халыққа насихаттауда нақты іс-шаралар жоспары бекітілгенін айрықша атап өтті.

Жиын барысында партиялық қызметті жүйелендіріп, күшейтуге бағытталған 21 регламенттік құжат бекітілгені айтылды. Партия төрағасының бірінші орынбасары жуырда мақұлданған «Нұр Отан» партиясының кадрлық резервіне қатысты түсініктеме берді. Бұдан былай оның құрамы бастауыш партия  ұйымдарының белсенділері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді жастары мен партия аппараты қызметкерлерінен жасақталатын болады. Қуантарлығы, соңғы уақытта партия мүшелерінің қатары зауыт еңбеккерлерімен толығуда. 

Данияр Күшенов, Павлодар мұнай-химия зауытының инженері:

Біздің кәсіпорында 600-ден астам 30 жасқа дейінгі жастар жұмыс істейді. Олардың белсенді дамуы мақсатында зауытта жастар ісі жөніндегі кеңес құрылды. Оның құрамында 29 белсенді жас бар. Айта кетері, барлығы да «Нұр Отан» партиясының мүшелері. 

Асқар Мырзахметов Ақсу ферроқорытпа зауытына да ат басын бұрды. Кәсіпорынның бастауыш партия өкілдерімен кездесіп, өңірлердегі жұмысты күшейту партияның басым бағыттарының бірі екендігін айтты. Сондай-ақ, орталық аппараттың аймақтармен байланысты нығайта түсетінін жеткізді. Бүгінде «Нұр Отан» - халықтың сеніміне ие болған партия. Саяси ұйымның Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері 3 жарым мың адам арыз-өтініш түсірген. Оның тең жартысы өз шешімін тапты.  

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ