Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің штат саны қысқаруы мүмкін

AstanaTV
20.11.2015ж. 20:00
1924
Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің штат саны қысқаруы мүмкін

Президенттің елшіліктер санына қатысты айтқан сынына Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді. Ведомство басшысының орынбасары Алексей Волков Қазақстанның шет елдерде негізсіз ашылған өкілдіктері жоғын айтты. Және оларды бірден жабу мүмкін еместігін де алға тартады. Десе де, қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты саяси мүдделерден гөрі экономика мәселесіне көбірек көңіл аударылып, сараптама жүргізіледі,-деді.

Алексей Волков, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Біздің қызығушылықтарымыз ТМД, Еуропа, АҚШ нарықтарына басымдық береді. Қазақстандық бизнес Латын Америкасының, Африканың экономикалық жағдайына бейімделмеген. Бұл мемлекеттерде елшіліктер ашу саяси мүдделермен байланысты.

Ал жаппай үнемдеуге келсек, еліміздің шет елдердегі өкілдіктерінің саны емес, ондағы штаттар саны қысқаруы әбден мүмкін. Қазақстан 165 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Оның 57-сі елшілік, 11 бас консулдық, 3-еуі дипломатиялық миссия, 15-і консулдық пен 5 тұрақты өкілдік.

Алексей Волков, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Қазір үкіметпен де, елшілермен де кеңесіп жатырмыз. Жыл соңы болғандықтан, жылдық есеп жасалады. Жұмысшылар саны мен жұмыс нәтижесіне қарап, елшінің еңбегіне қарап ұсыныс жасаймыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ