×

«Қазцинк» тау-кен байыту кешенінде ескі құдықтар тексерілуде

AstanaTV
07.06.2016ж. 20:00
1867
«Қазцинк» тау-кен байыту кешенінде ескі құдықтар тексерілуде

«Қазцинк» тау-кен байыту кешенінің қоймасына қатаң тексеру жасалмақ. Экологтар мен прокурорлардан жасақталған топ өндірістегі ескі құдықтарды қарап шығуы тиіс. Себебі онда 70-ші жылдардан бері жиналған қауіпті қалдықтар бар. Бұл туралы Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов мәлімдеді.

Еске салсақ, 23 мамырда аталмыш зауытта ірі апат орын алған еді. Өндірістегі техникалық су қалдықтары сол маңдағы Тихая және Филипповка өзендеріне қосылып кеткен. Зерттеу қорытындысы суда қорғасын, цианидам сынды сұйықтықтардың барын анықтаған. Жергілікті тұрғындар өзенге жақындамау туралы ескертілді. Қазір қауіп сейілген. Дегенмен апат жер қатпарына залал келтірген көрінеді. Яғни 40 жылдан бері өндіріс қалдықтары көміліп келген құдықтар жарылуы мүмкін.

Жомарт Мұратов, Риддер қаласының әкімі:

Бұған дейін су қоймаларына, бөгеттерге ешқандай залал келмеген еді. Халыққа төнген қауіпті өз басым көрмедім. «Қазцинк» барлық құдықтарға ревизия жасауы тиіс. Себебі қалдықтар жиналатын орын толып қана қоймай, ондағы сұйықтықтар араласып кеткен. 

Құралай ПИОНЕР