Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағандылық таксистер индрайвер мобильді қосымшасын жабуды сұрайды

AstanaTV
24.11.2015ж. 20:00
1846
Қарағандылық таксистер индрайвер мобильді қосымшасын жабуды сұрайды

Қарағандылық таксистер биліктен индрайвер мобильді қосымшасын жабуды талап етті. Бұл мәселе бүгін кәсіпкерлер кездесуінде талқыланды. Қазір аталған бағдарлама арқылы жеке жүргізушілердің көмегіне жүгінетіндердің саны артқан. Такси қызметі өкілдерінің айтуынша, олар өздерін «такси» деп атағанымен, халыққа заңсыз қызмет көрсетіп жатыр. Кәсіпкерлер бұл мәселені шешуді сұрап, бүгін бас прокуратураға хат жолдады.

Виктор Шабанов, Қарағанды облысы таксистер гильдиясының төрағасы:

Ресми таксистер қауіпсіздікке аса мән береді. Азаматтық-құқықтық қарым-қатынас заңмен бекітілген, сақтандыру бар. Ал Индрайверде жолаушы кез-келген адамның көлігіне отыруы мүмкін. Ол кім, қылмыскер ме, жүргізуші куәлігі бар ма, жоқ па? Бұл жағы беймәлім. Ешбір жауапкершілік жоқ.

Қалада 100 таксокомбинат бар. Олар соңғы 1 жылда мобильді қосымша кесірінен тапсырыстарының 80 пайызынан айрылып қалған. Көбісі жабылып қалған. Сондықтан индрайверлердің жұмысын тексеруді сұрап отыр. Әрі жеке жүргізушілерді өз қызметтерін заңдастыруға мәжбүрлеу керек деп отыр.

Ермек Әбілдин, Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының президенті:

Ол заңсыз біздің Қазақстанда жұмыс істеп жатыр. Неге дейсіз бе, ол Индрайверді қолданғанмен, жүргізушілер салық төлемейді. Сақтандыру жасамайды. Техникалық бақылау жасамайды. Сондықтан олар заңсыз бәсекелестікке түсіп отыр.

Кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, ұсынысты бас прокуратура алдағы бейсенбі қарайды. Ал арзан қызметке жүгінетіндер қауіпсіздікті ескермейді, - дейді таксистер. 

Айжан ҚУАШ