$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Қазақстанда 188 млн гектар жайылымдық жерлердің жартысынан көбі пайдаланылмай отыр

AstanaTV
26.11.2015ж. 20:00
1039
Қазақстанда 188 млн гектар жайылымдық жерлердің жартысынан көбі пайдаланылмай отыр

Қазақстанда 188 млн гектар жайылымдық жерлердің жартысынан көбі пайдаланылмай отыр. Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Жексанбай Дүйсебаевтың сөзінше, жердің тек 43,6 пайызы кәдеге жаратылуда. Депутаттың мәліметінше, елімізде бір мал басына 20 гектар жайылым жері бола тұра, шөп азығының тапшылығы 30 пайызды құрайды.

Жексенбай Дүйсебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Елімізде орташа есеппен малдың шартты басы жылына 11 миллионға жуық жайылымға шығарылып отырады. Ал бір мал басының тәуліктік азығы 35 келіні құраса, ал уақыты 80 күнге тең болған жағдайда, бір мал басына шаққанда 6,3 тонна шөп азығы керек екен. Біздердің бүгінгі көрсеткіштеріміз 4,6 тоннадан аспайды. Немесе бір мал басына шаққандағы шөп азығының тапшылығы 30 пайызды құрап отыр.

Мамандардың айтуынша, проблема пай үлестерін жекешелендіріп, жерді пайдаланбайтындар және ауылдық жерлерде үйде отырып 200-300 бастан мал ұстап, шаруашылық ашқысы келмейтін азаматтардың енжарлығынан туындап отырған көрінеді. Ауыл маңындағы жайылымдарға малды жыл сайын оттыққа шығару жердің құнарсыздануына әкеліп отыр. Осы мәселелерді ескеріп, мәжіліс комитеті арнайы заң жобасын әзірлеп, үкіметке жолдапты. Алайда құжаттың ауыл үшін әлеуметтік маңызын ескере отырып, оның қабылдануы біраз уақыт алуы мүмкін, дейді депутаттар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ