$520.93 €609.07 ₽6.68
×

XVIII «Шабыт» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары анықталды

AstanaTV
11.11.2015ж. 20:00
1679
XVIII «Шабыт» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Мыңдаған талапты жастың бағын ашып, шоу бизнес, сахна - жалпы өнер әлеміне есік ақшан 18-ші «Шабыт» халықаралық фестивалінің жеңімпазы анықталды. Сайысқа қатысқан 388 таланттың ішінен  қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Мақсат Жүсіпов топ жарды.

Классикалық музыка бағытында скрипкамен өнер көрсеткен жас жігітті қазылар алқасы үздік деп таныды. Жеңімпазға Президент Кубогы мен 500 мың теңгелік жүлдені- Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыстады. Биылғы байқаудың жаңа бағыты - спорттық- балдық би номинациясын Ресейдің Краснояр қаласынан келген бишілер жеңіп алды. «Халық музыкасы» бағытында домбырамен ән салған Жақсыгелді Маясаров өзгелерден озып шықты. Үздік домбырашы номинациясын астаналық Сәкен Бекжанов жеңіп алды. Ал «Бейнелеу өнері» бойынша түскен 150 жұмыстан үздік мүсінші деп павлодарлық Данияр Сарбаров танылды. Ал Алматыдағы қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы Цирк өнеріндегі үздіктер ретінде анықталды.