$524.24 €612.94 ₽6.68
×

«Жасыл көпір - озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты конференция басталды

AstanaTV
13.11.2015ж. 20:00
1644
«Жасыл көпір - озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты конференция басталды

«Жасыл көпір - серіктестік платформасының» қатары кеңейе түсті. Бүгін Астанада серіктестік хаттамасына 5 мемлекеттің 5 үкіметтік емес ұйым мүшелері ресми түрде қосылды. Бұдан былай олар "жасыл" теxнологияларды, ноу-xау, инновацияларды трансферттеу, онлайн көрмелерді өткізу сынды шараларға ат салыспақ. 

Бүгінге дейін xаттамаға 14 мемлекет пен 6 ұйым қол қойған еді.  Бүгінгі салтанатты қол қою рәсімі болған конференцияға мәжіліс депутаттары, министрліктер мен даму институттарының өкілдері, халықаралық сарапшылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері арнайы шақыртылды. Сондай-ақ, Армения, Грузия, Беларусь, Ресей, Германия, Финляндия, Қырғызстан, Түркия және Эстония елдерінің құзыретті министрліктері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері де қатысты.

Салтанат Рахымбекова, «Жасыл» экономика және «G-GLOBAL»-ды дамыту үшін» коалициясының  төрайымы:

5 үкіметтік емес ұйым 5 мемлекеттен біздің министрмен хартияға қол қойды. Ол хартия бойынша 5 мемлекеттік 5 үкіметтік емес ұйымы жасыл экономиканы өз өңірлерінде дамытуға үлес қосады. Және де жасыл технологиялардың трансфертін ұйымдастырмақ.
 
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА