Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі құрылысының эстафетасы ресейліктерге табысталды

AstanaTV
13.11.2015ж. 20:00
2878
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі құрылысының эстафетасы ресейліктерге табысталды

Осыдан 7 жыл бұрын басталған «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы Ақтөбе облысында толық аяқталды. Эстафета ресейліктерге табысталды. "Жайсаң" шекаралық бекеті маңында екі ел өкілдері жолды одан әрі жөндеу жұмыстары бойынша ортақ мәмілеге келді. Халықаралық жоба аясында Ақтөбе облысы аумағындағы 628 шақырым тас жол толығымен жаңартылған.

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаевтың айтуынша, жалпы республика бойынша, халықаралық дәліз құрылысының 90 пайызы аяқталған. Қазіргі таңда халықаралық маңызға ие жол Орынбор облысына келіп тоқтаған. Алдағы жылы Ресейдің Орынбор облысындағы 170 шақырымдық күре жол жөнге келтірілмек.

Роман Старовойт, РФ көлік министрлігі федералды жол агенттігінің жетекшісі:

Орынбор облысы аумағындағы көлік қатынасының екпініне қарай жолдың енін үлкейтуге мүмкіндік бар. Жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясын анықтап алуымыз қажет. Мүмкіндігінше үнемдеп, сапалы жол салуға тырсамыз. Жабындының негізі 20-30 жылға дейін қызмет көрсетуі қажет.

Бағлан Баймағамбетов, Ақтөбе облыстық автомобиль жолдары департаментінің басшысы:

Біз жөндеу жұмыстарын бірнеше кезеңге бөлдік. Соңғы бөлігі Ақтөбе-Мәртөк-Ресей Федерациясы шекарасына 20 млрд теңге қаржы жұмсалды. Бұл жерде бірнеше көпір-өткелдер бар. Келер жылғы жоспарда кедендік өткізу пунктін жөндеу жұмыстары бар.

Мансұр ЕСХОЖИН