Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

AstanaTV
08.06.2016ж. 20:00
1232
Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

Сондай-ақ бүгін Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады. Кездесу барысында төраға Мемлекет басшысына Ақтөбе облысындағы антитеррорлық операцияның нәтижелері туралы баяндады. Айтуынша, бүгінге дейін 13 қылмыскердің көзі жойылып, 14-і жараланған. Бұдан бөлек, қылмысқа қатысудан бас тартқан 20 адам анықталып, жауапқа тартылды. 6 адам іздестірілуде, қолдағы мәліметтерге сай, олар Ақтөбе облысының аумағында жүр, - деді Владимир Жұмақанов. Президент лаңкестік әрекеттерге қатысы бар адамдарды ұстап, тұтқындау шараларын тиімді түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз олардың сол өңірде екенін білеміз, жеке бастарына қатысты мәліметтер белгілі, халыққа ескертілді. Қылмыскерлердің бәрін түгел тұтқындау қажет. Қарулы қарсылық көрсеткен жағдайда көздерін жою керек. Барлығы ең қатал жазаға тартылуға тиіс. 

Берік ХАСЕНОВ