Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

9 маусым елде қаралы күн болып жарияланды

AstanaTV
08.06.2016ж. 20:00
2372
9 маусым елде қаралы күн болып жарияланды

Президент жарлығына сай 9 маусым Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Ақтөбеде лаңкестер салған қанды қырғында оққа ұшып опат болғандарды бүкіл ел болып аза тұтамыз. Бұл күні Мемлекеттік Тулар төмен түсіріледі. Республика бойынша ойын-сауық, мәдени шараларға тыйым салынады. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында көңіл көтеретін бағдарламаларды көрсету тоқтатылады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ