Маусымның
аяғынан бастап утилизацияға жіберілетін көліктерді сұраптау басталады. Бұл
туралы арнамызға жобаны атқару үшін құрылған «Өндірушілердің кеңейтілген
міндеттемелері операторы» серіктестігінің ресми өкілі Тимур Исманов айтты. Ол:
«Ескі көліктерді утилизациялауға қатысты дайындық жұмыстары аяқталуға жақын»,-
деді. Қазір жарамсыз көліктердің тізімі анықталып жатыр. Олардың қатты
бөлшектерін, сұйық заттары мен аккумуляторларын бөлек жинау жоспарланып отыр.
Арнайы тіректерде жиналған көлік бөлшектері Қарағанды мен Оңтүстік Қазақстанда
салынатын зауыттарға жеткізіліп, қайта өңдеуден өтеді.
Тимур
Исманов, «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы» ЖШС ресми өкілі:
Қазір
жұмыс қызу жүріп жатыр. ВЭТС деген белгі соғылған көліктерді ары қарай
қолдануға болмайды. Оның құжаттары рәсімделген соң, көлік құралы арнайы пункттерге
жеткізіле бастайды. Сол жерде утилизация жүзеге асырылады. Экологиялық
талаптарды бұзбас үшін, көліктегі сұйықтықтар бөлініп алынады. Қауіпті
сұйықтықтар мен батареялар, сосын өзге бөлшектері жеке-жеке сұрыпталады.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ