$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Қазақстанның барлық аймақтарына балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алатын бағдарлама енгізілмек

AstanaTV
13.07.2015ж. 20:00
1775
Қазақстанның барлық аймақтарына балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алатын бағдарлама енгізілмек

Биылдан бастап Қазақстанның барлық аймақтарында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Адам құқықтары бойынша ұлттық орталықтың жетекшісі Вячеслав Калюжный мәлімдеді.

Қазірдің өзінде омбудстмендер ЮНИСЕФ мамандарымен бірігіп Шығыс Қазақстанның білім беру мекемелері мен интернаттарына пилоттық жоба енгізген. Калюжныйдың айтуынша, аталмыш бағдарлама балаларға қарсы күш қолданылған жағдайды шұғыл тіркеп, дереу әрекет етуге мүмкіндік берген. Зерттеу нәтижесі жеткіншектердің 60 пайыздан астамының мектепте зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын анықтаған. Сауалнамаға қатысқандардың бестен бір бөлігі өздеріне қатысты күш қолданылғанын және бопсалауға түскендерін айтыпты. «Ал 30 пайыздайы мұғалімдерден соққы жегендерін мойындады», - дейді Адам құқықтары бойынша ұлттық орталықтың жетекшісі.

Вячеслав Калюжный, Адам құқықтары бойынша ұлттық орталық жетекшісі:

Маусымның 24-де өткен балалар құқықтарын қорғау бойынша ХVI ведомствоаралық комиссия отырысының шешімімен Білім және ғылым министрлігіне тапсырмалар берілді. Яғни Шығыс Қазақстан облысында тексерістен өткен зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған бағдарламаны 2015-2016 оқу жылына Республиканың барлық аймақтарына енгізу тапсырылды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ