$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қазақстан Парламентінің қос палата депутаттары жазғы демалысқа кетті

AstanaTV
15.07.2015ж. 20:00
1342
Қазақстан Парламентінің қос палата депутаттары жазғы демалысқа кетті

Қазақстан Парламенті жазғы демалысқа кетті. Және бір адамға кем кетті. Сенат пен Мәжілістің бүгінгі бірлескен отырысынан кейін төменгі палата депутаты Темірхан Досмұхамбетовтың өз өкілеттігін аяқтағаны белгілі болды. Депутаттың мандатты тапсыру себептері белгісіз, - дейді Мәжілістің баспасөз қызметі.

Ал қос палатаның төртінші сессиясы отырысында төрағалық еткен Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов маусымды қорытындылай келе, мемлекеттік органдар мен заң шығарушы органның бірлескен жұмысына қатысты біршама сын айтты. Мәселен, үкіметтің депутаттар қарауына әкелетін заң жобаларында шикілік көп, - дейді төраға. Төртінші сессия барысында депутаттар алдынан өткен барлық заң жобаларының 70 пайызы қайта редакцияланыпты. Қабиболла Жақыпов, Үкімет заң әзірлеуде Парламент потенциалын толық пайдаланбай отырғандығын алға тартты. Сондықтан биылғы демалыста толық тынығып, қыркүйектен "Ұлт жоспары - 100 қадам" бағыттарын орындауда жаңа қарқынмен қауырт жұмысқа кірісетіндіктерін әріптестеріне ескертті.

Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Бесінші шақырылымның бесінші сессиясында Ұлттық комиссияның Ұлттық 100 қадам жобасын іске асыру бойынша заң жобаларының үлкен пакеті түседі. Бұл заң құжаттарына үлкен басымдық берілетіні белгілі. Сондықтан бізден үлкен саяси сауаттылық пен кәсіби біліктілік талап етіледі.

Осылайша төртінші сессияның бірлескен отырысын қысқа қайырған депутаттар қыркүйекке дейін қоштасып, демалысқа, ал Үкімет мүшелері жұмыстарына асықты. Десе де жыл ішінде шешіліп шер тарқата алмаған шенеуніктер мен депутаттар да бар сияқты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ